3.01.2018, 11:44
Оқылды: 51

Сыйға берілген техника жұмысқа дайын

Өткен күзде қаратөбелік кәсіпкер Жарқын Тәжіғалиевтің туған ауылы Егіндікөлге «ДТ-75» маркалы шынжыр табанды трактор тарту еткенін хабарлаған болатынбыз.

Бүгін редакцияға Тайыр Мұхтар есімді Егіндікөл ауылы тұрғынынан мынадай хат келді: «Ауылдық округ әкімі Абат Зейнуллин техниканы қолынан іс келетін шебер маман деп менің жауапкершілігіме артты. Жақында ауыл ішіндегі жолдарды жауған қардан бір тазалап шықтық. Қазір трактормен тазалайтындай қар түспесе де, қысы қатал Егіндікөлде техниканың күшімен атқарылатын жұмыстар көптеп кездеседі. Техника жанар-жағар май және қосалқы бөлшектермен дер кезінде қамтылса, оны тоқтаусыз жүргізіп, ел игілігіне пайдалануға толық мүмкіндік бар.

Ауыл халқының қытымыр қыстың жол азабын көрмеуі үшін жанашырлық танытқан жомарт жан, туған жер перзенті Жарқын  Серікұлының ізгілікті ісіне жерлестері егіндікөлдіктердің айтар алғысы шексіз. Жарқынның туған жер игілігіне арнаған қайырымдылық істері аз емес, жерлестері әркез мақтан тұтады».

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале