26.05.2022, 11:02
Оқылды: 65

Сыйлыққа нысандар беріліп, соңғы қоңырау соғылды

Казталов ауданы Жалпақтал ауылында туған өлкесінің көркеюіне атсалысып жүрген мектеп түлектерінің қатары жыл санап артып келеді. 2013 жылы басталған әр жылғы түлектердің бұл бастамалары кейінгі жылдары дәстүрге айналды.
284010383_1411607252690146_2286824281261774869_n
1965 жылы туған перзенттер өздерінің мектеп бітіргендеріне 40 жыл толу құрметіне орай ауылдың қақ ортасын бөле-жара ағып жатқан Қараөзеннің үстіне төселген автокөлік жүретін көпірді күрделі жөндеуден өткізіп, қайтадан пайдалануға берсе, 1975 жылы туған перзенттер өздерінің мектеп бітіргендеріне 30 жыл толу құрметіне орай Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ауласына «Street workout» жаттығу алаңын, 1985 жылы туған перзенттер өздерінің мектеп бітіргендеріне 20 жыл толу құрметіне орай Кенжебек Меңдалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ауласына футбол алаңын сыйлыққа тарту етті. Болашақта бұл бастамалар жалғасын табатын болады дейді түлектер.
284052092_1411607296023475_8347325238180394920_n
Кеше Соңғы қоңырау салтанатында түлектер тартуындағы жаңа нысандардың салтанатты ашылу рәсімдері өткізілді. Онда аудан әкімі Рүстем Зұлқашев пен Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаева сөз сөйлеп, туған жеріне өлшеусіз үлес қосқан Жалпақтал ауылының барлық елжанды түлектеріне аудан тұрғындары атынан алғысын білдіріп, оларға ауылды көркейтуге қосқан зор үлестері үшін алғысхаттар табыс етті.
283904038_1411606992690172_5497019113796346058_n
Сондай-ақ салтанатты шара барысында ардгерлер, ұстаздар, мектеп түлектері сөз алып, жас түлектерге толайым табыстар тіледі.
284054520_1411607062690165_1071749424777475819_n
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале