1.03.2017, 18:38
Оқылды: 26

«Сыпайы жүргізуші» акциясы өтті

Алғыс айту күніне орайластырылған акцияны ұйымдастыруға Зеленов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық ішкі істер бөлімі және МАИ қызметкерлері мұрындық болды.  Осымен екінші жыл қатарынан өткізілген шара зеленовтықтардың көңілінен шықты.


Акция барысында мектеп оқушылары көліктерді тоқтатып, жүргізушілерді мерекелерімен құттықтады. Шара барысында сондай-ақ ауданның үздік көлік иелері мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне «Сыпайы жүргізуші» төсбелгілерін тақты.

Бұндай тосынсыйды күтпеген көлік жүргізушілері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале