11.03.2021, 18:17
Оқылды: 65

"Сырғалымның" жұмысы ширақ

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанынан 2019 жылы «Сырғалым» қыз-келіншектер клубы құрылған болатын.      

11BCD8D7-6B82-4051-A17C-7D81E2537323

Ауданның қарапайым қыз-келіншектеріне кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымды ұсыну және қазақтың салт- дәстүрін дәріптеу мен ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында құрылған клуб жұмысын сәтті жүзеге асырып келеді. Осыған дейін бірнеше бейресми кездесулер ұйымдастырып, жас келіндер мен аналарға кеңес беру ісі жақсы жолға қойылғанмен, пандемия клуб жұмысын тоқтатуға мәжбүрледі.

Десе де, бастаған істі соңына дейін жеткізуді мақсат еткен клуб жетекшілері ватсап мессенджерінде арнайы чат құрып, өз келушілерін ұстап қалды. Арнайы чатта қыз-келіншектерге электронды кітаптар ұсынылып, түрлі сайттардан қысқа да қызықты тәлім-тәрбие беретін әңгімелер жіберіледі. Қазіргі таңда клуб құрамында 80-нен астам оқырман бар. 18-60 жас аралығындағы нәзік жандылардың басын қосқан чат оқырманы пандемия кезінде көбейе түсті.

A1FFE031-5523-4A76-B0A5-5CFD78A4843E

Көп келіншек үй шаруасын тындырған соң көбіне кешкі уақытта чатқа келген өз-өзін жетілдіруге және қосымша білім алуға арналған хабарламалар мен мақалаларды оқитынын айтады. Тіпті чат жаңарып кеткен кезде көп оқырман өзіне ұнаған кітаптар мен жазбаларды қайта сұрап жатады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Сырғалым» қыз-келіншектер клубының мүшелерін Көрісу және Наурыз мерекесімен құттықтайды. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейді. Болашақта клуб жұмысы жанданып, түрлі қызықты шаралар ұйымдастыруды көздеп отырмыз.

Арай Маруанова,

Бәйтерек ауданының ОКЖ

балалар және жасөспірімдермен

жұмыс әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале