24.07.2020, 14:06
Оқылды: 48

Сырым аудандық орталық ауруханасының директоры, Роза Тахамбетова: «Сырымда коронавирустан 134 адам емделіп шықты!»

 Сырым ауданы бойынша 197 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, олардың 134-і емделіп шыққан. Сырым аудандық орталық ауруханасының директоры Роза Тахамбетова осындай жақсы жаңалықпен бөлісті.

03C36E1C-75EC-454C-93D1-6A3D6F0D958B

Індет жайылған уақытта, аппараттардың жоқтығы жұмысымызға үлкен кедергі келтірді. Қазір ол мәселе шешілді. Жанашыр жандар, демеушілер, волонтерлар провизорлық орталықты керекті құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық қызметкерлерді бірреттік қорғаныш костюмдарымен қамтамасыз етті. Олардың игілігін көріп жатырмыз. Мысалы, 1 ауысымда 4 – 5  медициналық қызметкер қызмет етеді. Олар ауысым бойына 3 рет киім ауыстырады.

Жымпитыдағы провизорлық бөлімде 18 адам ем қабылдауда. Волонтерлар мен елдің азаматтарының көмек ретінде берген дәрі-дәрмектерін бөлімдегі емделушілерге пайдаланудамыз. Үйінде емделіп жатқандар бар. 2 рет мобильді бригада науқастардың үйін аралайды. Тегін дәрі-дәрмек оларға да жеткізіліп жатыр. Ахуал бір ізге түскендей. Қазір барлық науқасқа көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Коронавируспен бірге күреске шыққан елге, азаматтарға алғыс білдіремін. – дейді ауданның бас дәрігері.

Алаңдататын жағдай да жоқ емес. Инфекция жұқтырғандардың  арасында 20 бала бар. Олардың үшеуі Орал қаласында, ал біреуі үй жағдайында емделуде.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

   zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале