12.07.2021, 14:27
Оқылды: 55

Сырым ауданы әкімі егістікті аралады

Кешегі аптада Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев орынбасары Ерболат Ахметов және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Усағалиевпен бірге алқаптарды аралап, еңбекшілермен кездесіп, жазғы далалық жұмыстармен танысып қайтты.
2D8A4A3C-0E37-472F-BAA3-134679F2049B

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл аудан бойынша 14652 гектар алқапқа 34 шаруашылық егін салыпты. Иә, жаман көрсеткіш емес. Осының ішінде күздік егістің көлемі 3830 гектарды құрайды.

B288A694-9554-4DB1-BA00-D620A773263D

Көктемгі егістік жердің көлемі көңіл көншітерлік. 10822 гектар! Оның 4761-іне бидай, арпа, тары, құмай сынды дәнді дақыл, 4523 гектар жерге мақсары, күнбағыс секілді майлы дақыл егілген. Кейінгі жылдары малдың азықтық шөбін де егіп, өсіру тәжірибесі кең тарап келеді. Оған шабындық алқаптардың құрғауы себеп болып отыр. Биыл Сырым ауданында 1538 га алқапқа екпешөп егілді. Оның 1013 гектары – судан шөбі, 525-і – еркекшөп.

Төлеген Төреғалиев сапарын Талдыбұлақ ауылдық округтеріндегі «Рауан», «Ажигалиева Х.А» бастап, Алғабас ауылдық округіндегі «Миллат», Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Сатқан», «Нұрдәулет» шаруашылықтарының егістік алқаптарында болды.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале