Шолақаңқаты ауылдық округіне сапары кезінде Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Аңқаты су қоймасына барып, биылғы өзен суының деңгейін көрді.
Округтің әкімі Ерлан Журалиевтің айтуынша, биыл қоймаға су аз жиналған. Оған қардың аз болуы себеп. Негізі, қойма мал шаруашылығын дамытушыларға да, балық шаруашылығымен айналысатын адамдарға да керемет игілік бола алады.
Аудан әкімі өзінің округтегі әріптесімен инвестор тарту мәселесі бойынша пікірлесті.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz