"Жыр ордасы – Жымпиты" мәдени шарасы қысқы демалыстан кейін сырымдық мәдениет қызметкерлері мен ақындардың алаңдағы шағын футболдан жолдастық кездесуіне ұласты.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, "Қайсар" спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов, аудандық демалыс орталығының директоры Эльдар Әубекеров қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде, ақындар командасы мәдениет саласының қызметкерлеріне 3:7 есебімен есе жіберіп алды.
Тартысты ойын өрнегін көрсеткен қарсыластар қол алысты.
Сырым ауданы атынан Артур Мұратұлы қонақ команда, ақындар командасына кубок пен медальдар табыстады.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz