"AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Сырым аудандық ардагерлер кеңесі мен "Қайсар" спорт клубының ұйымдастыруымен зейнеткер ардагерлер арасында асық ату, қол күресі, пневматикалық мылтық атудан аудан біріншілігі өтті.
Ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, “AMANAT” партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Ғұмаров, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев, “Қайсар” спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушылар наурыз көже мен бауырсақтардан ауыз тиді.
Сайыс нәтижесінде асық ату бойынша І орынды Оразбек Сұлтанов, ІІ орынды Бірән Қажимов, ІІІ орынды Абай Батырханов иеленді.
"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен Нұртаза Жұмағалиев марапатталды.
Қол күресінен 70 келіге дейінгі салмақта І орынды Яуда Молданиязов, ІІ орынды Кенес Бектенов, ІІІ орынды Бауыржан Сәлімгереев иеленді. "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен Еркін Шуренов марапатталды.
Қол күресінен 70 келіден жоғары салмақта І орынды Қожаберген Сисенов, ІІ орынды Серікқали Матылов, ІІІ орынды Равиль Отаров иеленді. "Жеңіске деген жігері үшін" аталымына Жасқайрат Меңдіғалиев лайық деп танылды.
Пневматикалық мылтық ату кезеңінде І орын Оразбек Сұлтановқа, ІІ орын Қалихан Кереевке, ІІІ орын Тауфик Өтеғалиевке бұйырды.
Ғарифолла Талблимов "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен марапатталды
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, номинация иелеріне диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы