БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Токсанов Сырым аудандық ауруханасы директоры лауазымына Сабыр Ғабдыхалықұлы Меңдешевті тағайындады.
С.Меңдешев М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының 2007 жылғы түлегі.
Мамандығы - дәрігер-хирург.
2007 – 2017 жылдары «Сырым аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да дәрігер-хирургі қызметін атқарды.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін «Облыстық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК-да 5-хирургия бөлімінде жұмыс жасаған.
Әр жылдары білімін жетілдіріп отырған.
2010 жылы - «Хирургия» циклі;
2016 жылы - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «Жедел нейрохирургиялық патологияны диагностикалау және емдеу» циклі;
2016 жылы - «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша, «Балалар хирургиясының өзекті мәселелері» циклі;
2017 жылы - «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Жалпы хирургиясының өзекті мәселелері» циклі;
2017 жылы - «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Эндоскопияның өзекті мәселелері» циклі;
2022 жылы - «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Кеуде аурулары кезіндегі бейне тераскопия» циклі.
Басқарма басшысы жаңа директорды ұжыммен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.