18.12.2025, 17:15
Оқылды: 7

Сырым ауданы: Бас ұстаз басылымды қолдайды

Қоғамда жеке даму туралы көп айтылады. Адам біреудің әлеуметтік желідегі өмірін қайталағаннан дамымайды, адамды дамытатын - оқу мен еңбек. 

PHOTO-2025-12-04-12-46-20

Газет оқу - оқушының да, мұғалімнің көңіл көкжиегін кеңейтеді деп түсінетін Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов Жымпиты ауылындағы 10 үйді “Сырым елі” қоғамдық - саяси газетіне жаздырды. Ол үйлерде жаны әдебиетке, жазу ісіне құмар балалар тұрады.

- Мектептерде қызмет жасайтын әріптестеріміз, соның ішінде педагогтар қауымы аудандық газетке тұрақты жазылады. Себебі, “Сырым елі” - Жымпиты өңірінің үні. Ол газет қана емес, ауданымыздың рухани шамшырағы, - дейді бөлім басшысы.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале