17.03.2024, 10:20
Оқылды: 176

Сырым ауданы: бұлдыртылық Әлия Жексембаева қола жүлде қанжығалады

Наурыз айының басында Тараз қаласында қол күресінен жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасында қоссайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта бұлдыртылық Әлия Жексембаева +70 келі салмақта ІІІ орын иегері атанды.

IMG-20240317-WA0024

- Шәкіртім Әлия Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының армспортшыларымен күш сынасқан болатын. Оң қолмен ІІ орынға, сол қолмен ІV орынға ие болды.

Финалда тағы да Жамбыл облысының спортшысымен сынға түсіп, нәтижесінде, жалпы есеп бойынша 12 қыздың арасынан ІІІ орын иеленді, - дейді жаттықтырушысы Төлеген Құраш.

Айта кетейік, қола жүлдені еншілеген жерлесіміз оң қолымен Иранда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын болады.

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале