Самбо күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер мен 2008-2009 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында “Чемпиондар додасы” атты ашық қалааралық турнирде сырымдық жас спортшылар командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді.
Айта кетейік, Сырым ауданының намысын белгілі бапкерлер Мәулет Қожахметов пен Ержан Чукуровтың шәкірттері қорғаған болатын.
Мәулет Қожахметов өзінің үміт артқан шәкірттері жеңіс шыңынан көрінгенін мақтан тұтып, алдағы уақытта зор үміт күтетін айтты.
54 келі салмақ бойынша Сивиль Құрманғали, 58 келі салмақ бойынша Айдәурен Лұқпан І орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінсе, Амандық Жасұлан 71 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынға табан тіреді.
Командалық есеп бойынша жоғарыда аталған А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларының тынымсыз еңбегі мен шәкірттерінің дайындығы нәтижесінде командалық есеп бойынша ІІ орын бұйырды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz