14.12.2023, 17:56
Оқылды: 58

Сырым ауданы: комиссия отырысында қандай мәселелер көтерілді?

Сырым аудан әкімдігінде аумақтық деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.
IMG_1496
Жиынға аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы Жұмагелді Батырниязов төрағалық етті.
IMG_1492
Күн тәртібіндегі жол қызметінің және әлеуметтік нысандардың қыс мезгіліне дайындығы, жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, биылғы суға шомылу маусымының қорытындысы, 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік, ауданды құлақтандыру жүйесінің жай күйі туралы мәселелер бойынша баяндамалар жасалды.
- Облыстық маңызы бар Ақсай – Жымпитының 139-89 шақырым бағыты бойынша жолды күтіп ұстауға жауапты мердігер «Uniserv» ЖШС. «Uniserv» ЖШС-ның тарапынан аталған жолдар тиісті деңгейде қырылмай, аудан тұрғындары тарапынан бірнеше наразылық шағым түсті. Аталған мәселені дер кезінде шешу үшін Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Сырым ауданы әкімінің орынбасары атынан бірнеше рет қатынас хат жолданған болатын.
Жымпиты және Өлеңті ауылішілік жолдарды күтіп ұстауға жауапты мекеме «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Жымпиты және Өлеңті ауылы ішіндегі көшелерде 165 жол белгісі бар. Осы жол белгілері үнемі жаңартылып отырады.
Техникалық базасы:
Трактор МТЗ 100 – 1 дана, Автогрейдер – 1 дана, Погрузчик – 2 дана, Камаз – 1 дана. «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қыс мезгіліне 10 тонна тұз аралас құм, 1500 литр ДТ жанар жағармай, 480 литр Ай-92 жанар жағармай жинақталған, - деді баяндамасында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және аатомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Айтқалиев.
 IMG_1451
Ал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ғабит Жасталаптың сөзіне сүйенсек, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде жыл басынан бері 87 оқиға бойынша жазба тіркелген. Оның ішінде – 31 өрт оқиғасы (тұрғын үй секторы - 21, автокөлікте – 9, далалық құрғақ шөп өрті – 2, далалық құрғақ шөп жану – 29, жанулар – 11, АҚЖ- 15).
 IMG_1475
Аудандағы құлақтандыру жүйесінің жай күйі жайында Ғабит Жасталап:
- Аудан аумағында екі хабар беру жүйесі аппаратурасы орналасқан. №1 «Қазавтодор» АҚ №39 ЖПУ, №2 Сырым аудандық "Балалар жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК ғимаратында орналасқан. "Балалар жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК ғимаратындағы аппаратура қазіргі таңда жарамсыз күйде.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті биыл қарашада №14 өрт сөндіру бекетінің ғимаратында құлақтандыру жүйесінің басқару пультін орналастырылды, - деді баяндамасында.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале