Сырым ауданында тұрғын үйі тасқыннан зардап шеккендер үшін жаңадан 114 баспана бой көтеруде. Осыған дейін Өлеңті, Жымпиты мен Бұлдырты ауылдарындағы жаңа көшелерді көрсеттік.
Көшесінен көшкісі келмей, жаңа тұрғын үйін ауладан салдырып жатқан ағайын да бар. Сырым аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Артур Искаковтың айтуынша, үш ауылдағы С.Сейфуллин, Абай, Мұхит, Әбілқайыр хан, Қолғанатов, М.Үмбетова, Алашорда, Ақ дала, Шаңырақ, Ұлытау, Т.Тәжібеков, Достық, Момышұлы, Сырым Датұлы, Т. Рысқұлов көшелерінде барлығы 64 үй салынып жатыр.
Үйлердің жобасы мен құрылыс талабы, сапасы бірдей. Әрине, бір аулада іргетас құйылып жатса, бір ауладағы үй бой көтеріп қалды. Бірақ, алаңдауға негіз жоқ. Әр баспана тиісті мерзімінде пайдалануға беріледі.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы