14.06.2023, 12:15
Оқылды: 47

Сырым ауданы: Құрылыс нысандарына қоғамдық бақылау жүргізілді

Сырым аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері  ауданда жасалып жатқан құрылыс нысандарына  қоғамдық бақылау жүргізді.  

06e7e5b6-f56e-4eb4-adcd-5c5ab6a8f927

Айта кетерлігі, «Қоғамдық бақылау туралы» заң қабылданғаннан кейін оның  оның пәрменділігі артты. Қоғамдық бақылаудың басты  қағидаттары – заңдылық, жариялылық, ашықтық пен айқындық, қоғамдық бақылау,  субъектілерінің өз еркімен қатысуы мен тәуелсіздігі. Қоғамдық бақылау объектілерінің  әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы.

Қоғамдық бақылау алдымен Өлеңті ауылында салынып бітуге жақындаған спорт алаңына жүргізілді.

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Артур Искаковтың айтуынша, спорт алаңының ені 24 м,  ұзындығы 44 м.   Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер – «Жайық Сити» ЖШС. Мамыр айының басында басталған спорт алаңы маусымның соңында аяқталады.

b6929204-86f2-4607-8fb7-a1bf3cd89fbe

Жарықтандыру жүргізілді, тағы қосымша екі жарықшам орнатылады. Алаңның сыртында жанкүйерлерге арналған орындықтар қойылады. Бұл қауіпсіздік үшін қажет, әрі ойыншыларға кедергі жасамауға сеп болады.  Алаңда футбол, баскетбол, волейбол, теннис ойындары ойналады.

Өлеңтіліктер үшін тағы бір жақсы жаңалық мұнда  фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы басталды. «Фирма ИСКОМ» ЖШС  әзірге іргетас орнын дайындауда. Мердігер Рафик Гусейноглы Мамедовтың айтуынша, құрылыс нысаны 30 тамыз – Конституция күніне пайдалануға беріледі.

d636b52a-a2ff-430d-915f-7046ccc486c1

Одан кейін  аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері  Шағырлой ауылын сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 31,476 шақырымды құрайды.  Бас мердігер – «Батысгазстрой». Өткен жылдың қараша айында басталған жұмыс жоспар бойынша 8 айға созылады. Қазіргі уақытта ауыл ішіне құбырлар жүргізу басталды.

17dee134-5791-46d5-aae0-699a9ad2bd29

Қоғамдық бақылау Көгеріс елді мекенінде жалғасты. Мұнда да қос құрылыс жұмыстары қатар қарқынды жүзеге асырылуда. Бірі – ауылды сумен жабдықтау болса, екіншісі – медициналық пункттің күрделі жөндеуі. Аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан көктемгі ағынды су кезінде жаңадан орнатылған ауыз су құдығын  шайып кетпес үшін биіктетуге ұсыныс айтылды. Медициналық пункттің  жөндеу жұмыстарына сын айтылып, дер кезінде сапалы құрылыс жүргізіп, олқылықтың орнын толтыруға қатысты ескерту жасалды.

e5aeca24-9cfb-4cfa-b462-cf2218d88ff6

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале