Бүгін "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауылындағы филиалында аудандағы 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
- Тестілеуге 4 мектептен 85 оқушы қатысуда. Бұл биылғы бітіруші түлектердің 98,8% құрайды. Осы жолғы сертификаттармен жоғары оқу орнының ақылы бөліміне тапсыра алады.
Карантиндік шектеулерге байланысты ертең аудан орталығынан бөлек 8 мектептің оқушылары тестілеуден өтпек, - дейді филиал басшысы Тілек Есенғалиев.
Айта кету керек, карантиндік шектеулерге байланысты аудиторияларда карантиндік талаптар қатаң сақталған. Мемлекеттік гранттарға тапсыру үшін тестілеу дәстүрге сай маусым айында өтеді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz