1.03.2024, 12:30
Оқылды: 79

Сырым ауданы: жаңа басшыны таныстырды

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Бисенғалиевті таныстырды.

IMG_8676

Асхат Төлегенұлы 1989 жылы 12 сәуірде Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Қаратөбе ауданы бойынша салық басқармасының жетекші маманы болып бастап, әр жылдары Сырым аудандық орталық ауруханасында экономист көмекшісі, аудандық салық басқармасының бас маманы,«Аружан» жеке кәсіпкерлігінің атқарушы директоры, БҚО кәсіпкерлік палатасының Теректі ауданындағы филиалының директоры, Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.

асхат бисенгалиев

2020 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін БҚО кәсіпкерлік палатасының Сырым ауданындағы филиалының директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Асхат Төлегенұлы Сырым ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №68 өкімімен Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі жаңа басшының жұмысына сенім білдірді. А.Бисенғалиев өзіне артылған міндет пен сенім жүгін арқалап, еңбек етуге дайын екенін айтты.

 

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале