Аудандық кітапханада қайырымдылық айлығы аясындағы шығармашылық аудандық фестивалі өтті.

“Эстрадалық вокал", “ көркем сөз оқу”, “музыкалық аспапта ойнау”, және “көрме” бағытындағы 4 кезеңнен тұратын фестивальге ерекше күтімді талап ететін, 16 жастан жоғары үміткерлер қатысып, бақ сынады.
Аудандық байқаудың әділ бағасын беру үшін қазылар алқасына вокал жанры бойынша мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы маман, әнші-сазгер Алмас Елшібеков, көркем сөз оқу жанры бойынша Жымпиты халық театрының режиссеры Асылзада Ақмайданова, музыкалық аспапта ойнау бағытында “Еңбек даңқы” төс белгісінің иегері, әнші-сазгер Армат Алдамжаров және көрме жанры бойынша суретші дизайнер Арнур Қажымов тағайындалды.
Қатысушылар ауданымыздың Жымпиты, Алғабас, Елтай, Бұлдырты, Шолақаңқаты, Жетікөл, Жосалы ауылдық округтерінен жиылды.
Жүлдегер атанған өнерпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы