Сырым ауданына Иманғали Тасмағамбетовтың атынан құны 2 млн. теңгені шамалайтын дәрі-дәрмек келді.
Бұл көмекті Иманғали ағамыздың қызы Әсел Тасмағамбетова басқаратын "Сәби" қайырымдылық қоры ұсынған.
Медициналық жәрдемді аудандық ауруханаға Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева табыс етті.
Сырым аудандық орталық ауруханасының басшысы Роза Тахамбетованың айтуынша, дәрі-дәрмектер провизорлық бөлімдегі науқастар мен үй жағдайында ем алып жатқандарға беріледі.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz