Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы облыс имамы Самат Қанатқалиұлын арнайы қабылдап, діни ахуал жайы сөз болып, бірлесе еңбек етуге уәделесті.
Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы Сырым аудандық орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Насихаттан соң жамағатқа хабарландыру жасап, бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің діни ахуалының дамуына үлес қосқан Қуанғали Тынымға алғыс білдірді. Қариялар батасын беріп, көпшілік игі тілегін жаудырды.
Облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы сырымдықтарды жаңа бас имам Нұрәлім Қисметовты таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. Білікті маманның білім деңгейін, тәжірибесін тілге тиек етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Нұрәлім Біржанұлы 2018-2021 жылдары Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінде білім алған. Жаңақала аудандық мешітіне наиб имам қызметінде болған.
Содан кейін Бәйтерек ауданы Асан ауылдық мешітінде наиб имам қызметін абыройлы атқарды.
Отбасын құрған. Бір қызы бар.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі