21.01.2026, 17:45
Оқылды: 128

Сырым ауданында 120 нүктеде мал қыстатылуда

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қыстақтардың басында болып, шаруалардың жайын білді. 

PHOTO-2026-01-21-12-34-11

Батырниязов мырза Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Саламат Иманғалиев және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанболат Мұхамбетжановпен бірге алдымен Шолақаңқаты ауылдық округіндегі “Раушан”, “Правда” шаруа қожалықтарында болды. Кейін Алғабас ауылдық округіндегі “Миллат”, Бұлан ауылдық округіндегі “Бұлан” шаруашылықтарының тынысымен танысты.

PHOTO-2026-01-21-12-35-06

Жұмагелді Батырниязов шаруашылық жетекшілерімен мал қыстату, төлдету науқанындарын шығынсыз өткізу және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөнінде сұхбаттасты. Шаруалар мал басын көбейтуге, асылдандыру жұмыстарына және өнім сапасын арттыруға ерекше мән беріп отыр. Сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, жеңілдетілген несиелер мен бағдарламалар қожалықтардың дамуына оң әсерін тигізуде.

Жайылымдық жерлерді тиімді пайдаланудың маңызын жер иелері терең түсініп келеді. Ал жергілікті билік еңбек адамдарына сапалы инфрақұрылым ұсынуды міндет санайды.

Қыстың сыны - әр шаруаға ортақ.

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда 120 нүктеде 53 665 бас ірі қара мен 10092 бас ұсақ мал мал қыстатылуда. Осы секілді 120 түйе қолға қарап, 32 652 бас жылқы да қыстаққа кірді деген есепте.

Былтыр сырымдық пішеншілер ерледі. Мал азығын межеден асырып дайындады. 516,7 мың га шабындыққа шалғы түсіп, одан 210,9 мың тонна өнім алынды. Шөп шығымдылығы гектарына 4,1 центнерді құраған.

PHOTO-2026-01-21-12-34-09

Өткен жылдан 10,0 мың тонна мал азығы және қалған - ды.  Ол қыстақтағы қорға қосылғанда, мал азығы 115,8% пайызға қамдалған болып шығады. Оған 500 тонна сабан (салом) және 9,1 мың тонна жемдік азықты қосыңыз.

Қар қалың, әрі аяз қысып тұр әлсін - әлсін. Аяз азыққа салмақ. Бүгінгі күнге дейін 69 100  тонна шөп, 2 980 мың тонна желінді.

PHOTO-2026-01-21-12-36-49 (1)

Қыстақтардың 97-і электр желісімен қамтылған, ал 23-і жарықты күн панелінен өндіріп отыр.

Бөлім басшысы Саламат Иманғалиев кейбір жылқы малын ауа-райының қолайсыздығына байланысты уақытша аулаларында ұстап жатқандар барын айтады.

Қоңдыкер Елеуов, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале