28.05.2018, 11:10
Оқылды: 47

Сырым ауданында 3026 адамның әлеуметтік мәртебесі анықталды

DSC_0718Сырым ауданы әкімдігінде «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру мен ел экономикасына және тиісінше МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы аудандық штаб төрағасының есебі тыңдалды.


Штаб отырысына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов қатысты.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру мен ел экономикасына және тиісінше МӘМС жүйесіне тарту мақсатындағы жұмыстар Сырым ауданында мүмкіндігінше жүзеге асырылуда.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Асланбек Сарқұловтың мәлімдеуінше, жұмыстар негізінен тіркелмеген жеке кәсіпкерлер мен міндетті зейнетақы жарнасы жоқ жұмысшылар, нәтижесіз өзін-өзі қамтушылар мен тіркелмеген жұмыссыздар және көшкендер, қайтыс болғандар, сосын студенттер сияқты санаттар бойынша жүргізілген. 2018 жылдың басында мәртебесі жоқ 3026 адамның әлеуметтік мәртебелері анықталып, соның ішінде күні бүгінге 733 адамның мәртебелері мемлекеттік органдардың дерекқорлары арқылы өзектендіріліпті. Жасалған жұмыстар 24, 2 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш облыстың өзінде 18,2 пайыз болып отыр.

Отырыста ауылдық округ әкімдері облыс әкімінің орынбасарына өзектендіру жұмысындағы өзекті мәселелерді айтты. Оның ішінде мәртебе анықтау мен өзектендіру төңірегіндегі заңнамалардың тиімсіз тұстары біраз пікірталас туғызды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале