Сырым елінде дала ақыны Хангерейдің құрметіне әрі Наурыз мерекесі қарсаңында аймақтық - республикалық айтыс өтеді.

Жымпиты сахнасында Батыс Қазақстан облысының таңдаулы ақындары Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев және Мұрадым Мирланов республикаға танымал әріптестері - шоу айтыстың шебері, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров, ақтөбелік ақын Жұлдыз Қожабекова және Шымкент қаласының шайыры Қажымұқан Абзаловпен жолдастық кездесу өткізеді деп күтілуде. Кешті ақын Бауыржан Ширмединұлы жүргізеді. Наурыз айтыс - көрермендер үшін керемет сый болмақ.
Айтыс 14 наурыз күні, аудандық мәдениет үйінде, сағат 16:00 - де басталады. Кіру тегін.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы