Ауданға атбасын бұрған қонақтар Қадыр ақынның анасы Мағраш тұрған үйге аялдады. Бұл жерде үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Тақтада "Бұл үйде 1978-1980 жылдары аралығында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлі тоқтаған" деп жазылған.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, Қадыр ақынның жұбайы Салтанат Мырзалиева, Қадыр Мырза Әлі қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымов, Сырым ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, ардагер журналист Махмет Қажиахметов сөз сөйледі.
Ескерткіш тақтаны Донеділ Қажымов, Салтанат Мырзалиева, Серік Егізбаев, Мүслим Ғазизұлы ашты.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz