27.08.2025, 11:45
Оқылды: 261

Сырым ауданында ашық диалог алаңы өтті

Сырым ауданында педагогтардың тамыз кеңесі аясында Қадыр Мырзалиев атындағы орта білім беретін мектеп қабырғасында «Парасат платформасы» ашық диалог алаңы өткізілді.

PHOTO-2025-08-24-10-34-39 (2)

Жиынға ауданымыздың ардагер ұстаздары, мектеп директорларымен білім беру бөлімінің мамандары қатысты. Жиында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов аталған шараның маңыздылығына тоқталды.

PHOTO-2025-08-24-10-34-39

- Қыркүйек - оқушылардың сүйікті мектептерімен қауышатын, жаңа білім биігіне аттанатын сәті. Қыркүйекте жас мамандар алғашқы жұмыстарына кіріседі. Жас педагогтар үшін аға буынмен ақылдасу маңызды. Оқу жүйелері, әдістері ауысқанмен, мұғалім үшін мектептің жүрегі болу деген ұлы миссия өзгермейді, - деді Әкежан Жамбылов.

PHOTO-2025-08-24-10-34-31

Ашық алаңда «Бүгінгі тәрбие жұмысындағы басты қиындықтар, қазіргі оқушылардың бейнесі және осыған байланысты тәрбие жұмыстары, білім беру ұйымындағы тәрбие бағыты мен оқу үдерісін ұштастырудың ең тиімді жолы қандай?, ұрпақтар сабақтастығын сақтап қалу үшін мектеп қандай қадам жасауы керек?» - деген сынды сұрақтар талқыланып, ардагер ұстаздар өздерінің бай тәжірбиелерімен бөлісті.

PHOTO-2025-08-24-10-34-25

Ардагерлермен кездесуде аудандық әдістемелік кабинетінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Берік Жанболсынов тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары мен жаңа оқу жылындағы жоспармен таныстырды.

 

Қ.Жеңісұлы,

Сырым ауданы

PHOTO-2025-08-24-10-34-39 (1) PHOTO-2025-08-24-10-34-23

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале