7.11.2023, 23:01
Оқылды: 50

Сырым ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептік жиындары жалғасуда

Кешегі аптада Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев Өлеңті ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. 

IMG_6078 (1)

Жымпиты кентімен іргелес жатқан Өлеңтіде кейінгі жылдары халықтың тығыз қоныстануы қарқынды байқалуда. Әлеуметтік нысандар саны да артып келеді. Биыл спорт алаңы мен фельдшерліі-акушерлік пункт салынып, пайдалануға берілді. Өлеңтіліктер әкіммен кездесуде ауылішілік жол мен тротуар мәселесін көтерді.

- Асфальт Бәйтерек көшесінің қақ ортасынан бітеді. Т.Тәжібеков атындағы көшеге кіріп-шығу қиын. Немерелерді жолдың бойынан резеңке етікпен күтіп аламыз. Трасса болмаса да, жаяу жүргіншілер жолын салуға болмайды ма? Балалар мектепке бейнетсін қатынасын!– деген сауал қойды ауыл тұрғыны Ғабділманап Нұрабалин.

IMG_6080

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, Өлеңті ауылының бірқатар көшелеріне жаяулар жолын салу жоспарда тұр. Атап айтсақ, Бәйтерек көшесін тиянақтау, Жымпитының шетіндегі Әйтеке би көшесін Т.Тәжібеков көшесімен байланыстыру ойластырылған. А.Бердіғалиев пен М.Үмбетова көшелерінің тұрғындарының табанына тротуар тимек.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале