29.12.2022, 11:00
Оқылды: 59

Сырым ауданында бір ауыл толықтай газетке жазылды

Бүгін 2023 жыл үшін мерзімді баспа беттеріне жазылу аяқталады. Сырымдықтар болса соңғы күннің өзінде белсенді. Көздіғара ауылы – бақ тұрақтаған, құт қонақтаған ауыл. Бірлігі мен берекесінің арқасында біздің газеттің бетінен жиі көрінеді. Ауылда 52 түтін болса, оның 20-сы «Сырым елі» қоғамдық- саяси газетіне жазылып үлгеріпті. Міне, осы ауылдың тумасы, белгілі меценат, "KAZCONSTRUCTIONGROUP" ЖШС бас директоры Мұратбек Мұхамбедиев қалған 32 шаңырақты аудан айнасына өз есебінен жаздырып, жерлестеріне ерекше тарту жасады.

4

- Аудандық газетті қолдау – біріншіден қазақ тілді басылымды, яғни мемлекеттік тілімізді қолдау. Бір жағынан, «Сырым елі» газетімен бірге туған ауылымның әр үйіне пейілім, ықылыс-сәлемім барсын дедім, - дейді кәсіпкер. Айналғанда, Көздіғара ауылы «Сырым елі» газетіне 100% жазылған елді мекен ретінде «Оқырман ауыл» атанып отыр. Бұл қатарға келер жылы қай ауыл қосылар екен?

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале