14.03.2023, 17:45
Оқылды: 70

Сырым ауданында электр тарату қалыпты режимге көшті

Кеше Өлеңті арнасынан шықты. Тасыған өзен суы іргедегі Сырым аудандық электр торабының техникалық аумағына жайылып, қосалқы станцияны жедел басқару пункті ғимаратының жертөлесіне құйылды. Сағат 18:30 шамасында торап электр энергиясын таратуды тоқтатуға мәжбүр болды. Аудан аумағы қараңғылық құшағында қалды.

IMG-20230314-WA0100

Өлеңтімен бірге, Шідерті өзені де шамасынан шығып, тасыған. Айдын бетінде сеңдер соғысып жатыр. Арна кеңейіп, мұз 1 шақырым аумаққа дейін қалқып барған. Қалыңдығы 1 метрге жақын.
Шідерті өзенінің жай-күйін бағдарлап келе жатып, Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Сырым аудандық электр торабына барды. Торап қызметкерлері жертөледегі суды сыртқа төгіп, станция басқару пунктінің жұмысын жедел қалпына келтіруге әрекеттеніп жатыр екен.
Ұжым ширақ қимылдауда. Егер қорғаныш кабельдеріне зақым келмесе, түске жақын жарық беріледі, – деген еді Батыс Қазақстан облыстық әуе электр желілерін таратушы компанияның бас инженері Асқар Гайсин.

IMG-20230314-WA0104
Төтенше жағдай реттеліп, 13:00 – де ауданға электр энергиясы қалыпты режимде таратыла бастады.

IMG-20230314-WA0118

IMG-20230314-WA0099

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале