13.02.2026, 10:45
Оқылды: 14

Сырым ауданында фотостудия ашылды

 

Сырым ауданының  орталығы Жымпитыда заманауи талаптарға сай жабдықталған One studio фотосалонының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, фотостудияның өңір мен өмір үшін маңыздылығына тоқталды.

PHOTO-2026-02-11-17-21-05 (1)

Өзін жақсы, сапалы бейнеде  көргісі келген не уақытты кадрға айналдырғанды ұнататындар үшін сапалы фотоқызмет ұсынуды мақсат еткен бұл жобаның жүзеге асуына мәдениет саласында да ізі бар мамандар - Эльдар Айдарұлы мен Жоламан Еркін мұрындық болды.

Жеке фотосалон ашу - Жоламанның бала күнгі арманы. Обьектив саңылауынан небір шедеврді көретін шебердің қызметіне сұраныс қазірдің өзінде бар.

Қос бауыр жеке бастамалары арқылы кәсібін дамытып қана қоймай, ауданның қызмет көрсету саласының кеңеюіне өз үлестерін қосты.

PHOTO-2026-02-11-17-21-05

Жобаға жалпы көлемі 6 миллион 800 мың теңге инвестиция тартылып, фотостудия толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда кәсіби фотосессиялар, бейнетүсірілімдер және түрлі форматтағы шығармашылық жұмыстарды жүргізуге барлық мүмкіндік қарастырылған.

Салтанатты шара барысында жаңа фотостудияның лентасын қию рәсімі  Роза әжеміз бен Қарлыға анамызға ұсынылды.

 

Қоңдыкер Елеуов, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале