Сол 9 жобаның бірі іске асып, Сырым ауданындағы Бұлан ауылында наубайхана ашылды. Бұл - жастар корпусын дамытуға бағытталған «JAS PROJECT» жобасының жемісі. Ауқымды жоба аясында 1 000 000 теңге қайтарымсыз грант иеленген бірнеше жұмыссыз жас өз кәсібін бастады.
Бұлан ауылының тумасы Темірлан Сағидолла бала күнінен ауылға наубайхана ашуды армандаған екен. Темірланның арманы алдамай, бүгінгі күні өз кәсібін ашып, жұмысын бастап кетті.
Сырым ауданы бойынша «JAS PROJECT» бойынша 47 жоба ұсынылып, оның 9-ы грантқа ие болып, өз жұмыстарын дөңгелентіп отыр. Бұл жобаның ерекшелігі – 6 ай бойы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қызмет түрі тегін көрсетіледі.
Темірланға бұландықтар дән риза. Олай дейтініміз, ауыл дүкеніне әкелінген нан өнімдері ауылды түгел қамтуға жетіспейтін болса, ендігі кезекте «Шідерті наны» наубайханасының ыстық өнімдерін тұтынатын болдық дейді. Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Темірлан тек нан шығарып қоймай, кондитерлік өнімдер пісіріп, наубайхана жұмысын кеңейтуді мақсат еткен.
«Сырым елінің» ақпараты