28.03.2025, 23:00
Оқылды: 78

Сырым ауданында көпбалалы аналар мемлекеттік наградаларға ие болды 

Сырым ауданы әкімдігінің мәжіліс залындағы салтанатты жиынға келген аналардың бірі - шолақаңқатылық Гауһар Меңдіғалиева. Жасы отыздан енді асқан замандасымыз бүгін “Күміс алқа” иегері атанды. Жолдасы Ақылбек - “Правда” шаруа қожалығында жылқышы. Гауһар екеуі құлын мен тайдай болған 4 қыз бен 2 ұл тәрбиелер отыр. 

IMG_9928

Осы секілді, талбұлақтық Раушан Мұқашеваның мойынына да  “Күміс алқа” тағылды. Әрине дүниеге келген әр сәби елдің демографиялық өсіміне әсер етеді ғой. Бірақ, Асланбек пен Раушан көп балалы ата - ана атану арқылы Талдыбұлақ секілді тұрғын саны аз, мектепте оқушы тапшылығы болып тұратын округтің өмірінде маңызды рөл ойнап отыр. 

IMG_9967 (1)

Өлеңтілік ана Нұржанат Кунеева 2023 жылы жетінші перзентін дүниеге әкелді. Бисенғалиевтер шаңырағы бесіктой тойлаудан әсте жалыққан емес. Азаматы Аманжол екеуі балаларын үйдің емес, елдің ұл - қызы етіп тәрбиелеуде. Үлкендері Ақтілек пен Әділбек - спорт пен өнердің үздіктері. Әділбек қазір Орал қаласындағы Олимпиада резервтерін даярлайтын мамандандырылған спорт интернатында білім алуда. Чемпиондардың анасы Нұржанат Дауылбайқызы бүгін “Алтын алқа” иегері атанды.

 ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығына сәйкес жолданған наградаларды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов табыс етті. 

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале