30.01.2019, 12:27
Оқылды: 10

Сырым ауданында мал ұрлығы азайған

Сырым аудандық полиция бөлімімен 2018 жылдың 12 айында 161 қылмыстық құқықбұзушылық және 1310 әкімшілік құқықбұзушылық анықталыпты. Анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 5, 7 млн. теңге айыппұл салынып, оның 75, 2 пайызы өндірілген.

 syrym (3)

         Кейінгі жылдары Сырым ауданына мал ұрлығының өршіп кеткені жасырын емес. Былтыр анықталған қылмыстық құқықбұзушылық фактілерінің ішінде 110 қылмыс бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы болса, осы оқиғалардың 48-і мал ұрыларының еншісіне тиесілі. Айта кетейік, 2017 жылмен салыстырғанда мал ұрлығы былтыр 14 фактіге азайып отыр.

         Өрістегі ахуал осындай, ал ауданда қоғамдық орындардағы қауіпсіздік те басты назарда. Жергілікті билік қауіпсіздік мақсатын күшейту мақсатында 2019 жылы 18 млн. теңгеге бейнебақылау камераларын сатып алмақ. Қазіргі күні 17 камера жұмыс істеп тұр.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале