22.03.2026, 15:06
Оқылды: 6

Сырым ауданында Наурыз көші жүріп өтті

Сырым ауданында өткен «Жаңару мен жақсылықтың бастауы – Наурыз» мерекелік мәдени-көпшілік шара Наурыз көшімен басталды.

IMG_9498

Наурыз көші – жыл бойы Сырым өңірін білім, спорт және өнер додаларында таныстырып, жетістіктерге жеткен жеңімпаздар керуені.
Көшті республикалық ғылыми жобалар байқауларының, пәндік олимпиадалардың, «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының, «Алтын түлек», «Bebras» халықаралық информатика ойын-конкурсының, «Әбіш оқулары» ғылыми жобалар байқауының, «Ақберен» өнер байқауының, «JuniorSkills ORAL» чемпионатының, «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының, математикалық регаталар мен олимпиадалардың жүлдегерлері және дайындаған ұстаздары бастады.

PHOTO-2026-03-22-12-39-15

Топ алдында - республикалық «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңінің І орын иегері, тәжірибелі ұстаз, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, педагог-шебер – Мұқат Арыстанов және республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы, көшбасшы оқушы Бекзат Әлтен.

IMG_9485
Сондай-ақ ұлттық және спорттық жарыстарда топ жарған жас спортшылар мен спорт мамандары да шеру құрып жүріп өтті. Олардың арасында мерген, Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өткен Әлем кубогінде садақ атудан пұта нысанасы бойынша қола жүлдегер Мұрат Лұқпанов бар.

Әрі қарай мәртебелі мамандық иелері – медицина қызметкерлері, іскер әйелдер, жастар және сал - серілер көші қозғалды.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале