19.08.2025, 17:30
Оқылды: 212

Сырым ауданында облыстық семинар өтуде

Сырым ауданы орталығында «Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман» тақырыбындағы облыстық Тамыз кеңесінің «Мектеп кітапханасындағы цифрлық трансформация: жасанды интеллект пен креативті ойлаудың синергиясы» тақырыбындағы кітапханашылар секциясы оздырылуда. 

PHOTO-2025-08-19-11-33-29

Аталған семинарға облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Анаргүл Сағындықова және аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысуда.

PHOTO-2025-08-19-11-33-29 (1)

Ел қонақтарына Жымпиты ауылы әкімінің орынбасары Қайрат Абсатыров қош келдіңіздер айтып, сөз сөйледі. Қатысушылар Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

PHOTO-2025-08-19-11-33-30

Білім майталмандары жуырда ашылған Мұқадес Есламғалиев атындағы аудандық кітапханаға шолу жасады.

 

Қ.Жеңісұлы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале