9.04.2026, 12:45
Оқылды: 5

Сырым ауданында прокурор қабылдауы басталды

IMG_9872
Бүгін Сырым ауданының прокуроры Ершат Қамбетовтың көшпелі қабылдаулары басталды. Бірінші күні прокурор Бұлан ауылдық округіне барып, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қатысты.
Прокурордың алдына келген жұрттың мәселелері сан алуан. Бірі құжаттардағы қателіктерді түзеп, құқығын қалпына келтіргісі келеді. Бірі бағыт сілтеп, заңдық кеңес беретін маманға мұқтаж. Ауылдастар бір - біріне жылжымайтын мүлік сатып, қаражатын бергенмен, құжатын ала алмай жүрген жағдайлар да бар екен.
Ершат Қамбетов әр мәселені зерделеп тыңдап, кейбірі бойынша нақты жұмыстар басталатынын айтты.
Көп мәселенің астында әлеуметтік себептер жатады.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қабылдауға келген тұрғындарға жанұялардың табысын арттыру жолдары, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу туралы айтты.
Түстен кейін прокурор Сарой ауылдық округінде қабылдау өткізеді.
Бауыржан Ширмединұлы,  
“Сырым елі”
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале