10.10.2025, 16:15
Оқылды: 137

Сырым ауданында психологтар өзекті мәселені талқылады

Жымпиты ауылындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп базасында "Кеңес беру негіздері" тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. 

IMG_4071

Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов, облыстық әдістемелік-психологиялық қолдау орталығының басшысы Ләззат Есенова және әдіскер – психологтері, аудан мектептері мен балабақшалары басшылары, әлеуметтік педагог, педагог-психологтар қатысты.

Семинар барысында мектеп басшылары мен әлеуметтік педагогтерге суицидттік мінез-құлықтың алдын алу алгоритмі жөнінде мәліметтер беріліп, сұрақтары талқыланды.

Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Айдана Мұхтарова мен Гүлдана Төреғалиева педагог-психологтарға психологиялық қызметті жүзеге асыру барысында қызмет алушының жағдайын жақсарту, жеке және әлеуметтік қиындықтарын жеңуге көмектесу, өмір сапасын арттыру мақсатында "Психологиялық кеңес беру негіздері" тақырыбында жұмыс жүргізді.

IMG_4074

Жұмыс аясында психолог-консультант жұмысының негізгі қағидаттары, клиентпен байланыс орнатуда сұранысты нақтылаудан бастап, сессияның негізгі бөлігі мен аяқталуына дейінгі кеңес беру процесінің құрылымы түсіндірілді.

Сондай-ақ, семинарда психологтерге алған білімдерін нақты жағдайларда қолдану дағдыларын пысықтауға мүмкіндік беретін практикалық жаттығулар мен кейстер талданды. Қорытындысында қатысушылар сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.

 

Гүлназ Нұржанова,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале