18.05.2025, 9:00
Оқылды: 335

Сырым ауданында үш ауылдық округте әкім сайлауы жүріп жатыр

Бүгін Сырым ауданында маңызды саяси науқан – ауылдық округ әкімдерін сайлау басталды. Ауданның үш бірдей Жосадық, Бұлан, Сарой ауылдық округтерінде өтіп жатқан бұл сайлау – жергілікті тұрғындардың өз болашағына деген жауапкершілігін айқын көрсететін сәттердің бірі.

f8b3ffa7-34f8-4776-b8f5-784f30cb1a5d
Жосалы ауылдық округінде әкім лауазымына үш үміткер тіркелді, олар — Ихсанова Динара Егінбайқызы, Муса Сәкен Нұркенұлы және Мүтиев Рауан Талғатұлы. Бұл үміткерлердің әрқайсысы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуды мақсат етіп отыр.
Жосалы округіндегі №308 Қоңыр сайлау учаскесі таңғы сағат 6:55-те Мемлекеттік Гимн орындалып, ресми түрде жұмысын бастады. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қобыланды Ғабдешовтің айтуынша, мұнда барлығы 369 сайлаушы тіркелген. Ал учаскеге 372 бюллетень жеткізілген. Үйден дауыс беру үшін 4 адам өтініш білдірген.
Сайлау учаскесіне алғаш келген ауыл тұрғыны – Аманқайыр Жұмиев. Ол белсенділік танытып, бірінші болып өз таңдауын жасады. Комиссия төрағасы оған алғысын білдіріп, шағын сыйлық табыстады.
Сайлау заң аясында, ашық әрі әділ өтуі үшін барлық жағдай жасалған.

Саройда сайлаушыларға есік ашық

Бүгін Сарой ауылдық округіндегі №302 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.Таңғы сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн шырқалып, сайлаушыларға есік ашылды.
Сайлау учаскесіне учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Арыстанғалиев, комиссия төрағасының орынбасары Мирас Лұқпанов, комиссия хатшысы Бибінұр Ғабдешева және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Эльмира Кенесаринамен Мақсот Маханбет бекітілген. Тұрғындар кешкі сағат 20:00 ге дейін ауыл болашағы үшін шешім қабылдайды.Учаскеге жалпы саны 301 сайлаушы тіркелген.

519963a1-0ad9-4e60-9acd-cb31917a34c7
Айта кетейік,арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған.

Шынар Молданиязова
Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале