19.07.2021, 11:45
Оқылды: 46

Сырым ауданында үш ауылдың әкімі сайланбақ

25 шілде күні елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдері халықтық жолмен сайланады. 

IMG_1602

Сырым аудандық орталық сайлау комиссиясының төраағасы Өтеген Уашевтың айтуынша, биыл осы айда Сырым ауданында 3 ауылдың әкімі сайланады. Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері бойынша әкімдікке 6 үміткер тіркелген. Олардың 2 – еуін «Nur Otan», 2 – еуі «Қазақстанның халық партиясы» және 1 – еуін «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы ұсынып отыр. 1 үміткер өзін-өзі ұсынған.

Үміткерлердің тізімі аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 9 шілдедегі санында жарияланды. Қазір кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале