26.12.2025, 17:00
Оқылды: 229

Сырым ауданында ветеринарлық пункт ашылды

Сырым ауданы, Алғабас ауылдық округінде ветеринарлық пункт халық игілігіне ұсынылды.

ветпункт

Құрылысы аяқталған ветеринарлық нысанның салтанатты лентасы қиылып, сала мамандарына тапсырылды.

ветпункт 1

Аталған пункттің ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты.

ветпункт 2

Тұрғындар ауыл ішіне құны 1904000 теңгені құрайтын ғимаратты салып берген мердігер Тимур Ткенбаевқа алғысын жеткізді.

ветпункт 3

“Алғабас ауылы өзенмен егіннің, аудан орталығымен қаланың ортасында жол бойында орналасқан құтты мекен. Ауыл тұрғындарымен сала мамандарына ұсынылған жаңа ғимарат игілікке жарасын” - деп, тілек білдірді БҚО әкімінің орынбасары.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале