29.05.2023, 21:13
Оқылды: 68

Сырым ауданында - жаңа әкім

Бүгін Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс отырысында Сырым ауданына жаңа басшы тағайындау мәселесі қаралды.​

IMG_3446

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев меритократия қағидасына сәйкес аудан басшысына үміткер ретінде Жұмагелді Батырниязовты ұсынды.

Жұмагелді Батырниязов 1982 жылы Сырым ауданында дүниеге келген. Әр жылдары қаржылық ұйымдарда, мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқарған.​

Аудандық мәслихаттың 8 депутаты облыс әкімі ұсынған үміткерді тағайындауға келісім берді. 2 депутат қарсылық білдірді. Біреуі себепті жағдаймен сессияға қатыспады.​

IMG_3442

Кейін Нариман Төреғалиев әріптесін Сырым ауданының активіне таныстырды.​

-Осыған дейін әкімдік қызметті атқарған Төлеген Төреғалиев өзінің алдындағы міндетті жауапкершілікпен атқарды. Бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Соның бірі он шақты ауылға, жүздеген үйге тіршілік тамырын тартқан - Кеңашы кен орынынан ауыз су тарту жұмысы. Сырым ауданы спорттық нысандардың көптігінен де өңірде көш бастап тұр.​

Жымпиты - облыстағы таза кенттердің бірі. Сырым ауданындағы коммуналдық тазалық тәжірибесі басқа аудандарға үлгі.​

Соңғы 5 жылда Сырым ауданына 20 млрд теңге инвестиция тартылған. Жаңа әкімге, Жұмагелді Жолдыбайұлына осы істерді жалғастыру, аудан орталығын абаттандыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру тапсырылады. - деді облыс әкімі.​

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале