5.08.2025, 19:00
Оқылды: 304

Сырым ауданында жаңа кітапхана салынуда  

Осы айда Сырым ауданында жаңа кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашады. Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов орынбасары Серік Тоқмамбетовпен бірге құрылыс алаңында болып, соңғы жұмыстармен танысты.  

IMG_4611

Құны 432 млн теңгені құрайтын жобаның іргетасы былтыр құйылып, қос қабатты еңселі ғимараттың құрылысы биыл аяқталды. Нысан М. Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің меншігіне беріледі.

IMG_4608

Кітапхана директоры Айнұр Уалиахметтің айтуынша, Жымпиты кітапханасы осы арқылы 90 мың кітаптан тұратын жазба мұраны жаңа заманға жеткізгелі отыр.

IMG_4607

Жаңа ғимаратты тек кітапхана деуге болмайды. Мұқадес атындағы сарайда оқырмандарға арналған смарт-аудиториялар, коворкинг орталықтар, 120 орындық АКТ залы, белгілі қаламгерлер арасындағы оқу залдары, тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бөлмелер болады.  Руханият ордасы 8 тамыз күні ресми ашылады.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале