5.09.2024, 15:00
Оқылды: 45

Сырым ауданында жол құрылысы қарқынды

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Батыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.

DF8DE6C6-8CBE-4096-9F00-BF050A1BBF51

Сырым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарды «AQJAYIQ» телеарнасы тікелей эфирде таратты.

Жұмагелді Батырниязов негізінен елдегі еңбек тынысына, тасқыннан кейінгі оңалу ахуалдарына тоқталды. Сырым ауданында биыл жол саласы бойынша да қадау жұмысы атқарылып жатыр.

– Аудан аумағындағы жолдарды жөндеу жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері аудан аумағында 7 жолдың құрылыс-жөндеуі жүзеге асырылуда. Бұлан ауылына – 2 км, Шағырлой ауылына – 1,15 км кірме жолдарды жөндеу жұмысы және Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Жұмағазы Хазірет» кесенесіне барар 2,6 км көлік жолын күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда жол белгілерін орнату және жол жолақтарын белгілеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қособа ауылына дейінгі 29 шақырым кірме жолды орташа жөндеу жұмыстарын «Тоби» және «Ануш Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізіп жатыр. Бүгінгі күнге жалпы ұзындығы 15 шақырым жол бетіне асфальт төселді. Қалған жол бөлігін жөндеуге қажетті инертті материалдар тасымалданып, ресайкалау әдісімен жолдың төменгі қабаты дайындалуда. Жөндеу жұмысы осы жылдың қазан айында аяқталады.

Бұдан бөлек, ауылішілік жолдар да назарда. Елді мекендердің ауылішілік жолдарын қалпына келтіру мақсатында Бұлдырты және Жымпиты ауылдарындағы 10 көше бойындағы ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

– Бұл жұмыс алдағы жылдары да жалғасады. Аралтөбе, Талдыбұлақ, Тасқұдық, Қоңыр және Қосарал ауылдарына кірме жолдарды жөндеуге және Жымпиты мен Өлеңті ауылдарындағы ішкі жолдарды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, сараптамадан өткізілді. Қаражат бөлінуіне сәйкес алдағы жылдары бұл жобаларда жүзеге асырылады, - деді Батырниязов.

Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале