Бұл туралы бүгін БҚО Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтылды.
Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің мәлімдеуінше, аумақтарды дамытуға бағытталған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының оңды жүзеге асырылуы Сырым ауданы үшін маңызды жолдарды жөндеуге мүмкіндік беріп отыр.
– Сырым-Бөрлі аудандарының қатынасын қамтамасыз ететін Ақсай-Жымпиты автожолын орташа жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын, биыл бұл жұмыстар қарқынды жалғасын тауып, 139 және 159 шақырым аралықтағы жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған республикалық бюджеттен 2 млрд. 777 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ Самара-Шымкент тас жолы бойында орналасқан Тоғанас ауылына дейінгі кірме жолды жөндеу мәселесі ауданның өзекті мәселелерінің бірі болатын. Осы жоба қолдау тауып, бүгінгі күні 10,6 км. жол жөнделуде. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 519 млн. 256 мың теңге қарастырылған, – деп атап өтті аудан әкімі.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер