15.08.2017, 11:46
Оқылды: 33

Сырым ауданындағы мектепке оқушы жетпей отыр

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің өкіміне сәйкес Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Жанболат Мұхамедиев тағайындалды. Округ әкімінің жаңадан тағайындалуына байланысты тұрғындармен өткен кездесуге аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының орынбасары Талғат Дарғожиев қатысты.


Аудан басшысы округтің жаңа әкімі Жанболат Мұхамедиевке қызметін табысты атқарады деп сенім білдірді. Осыған дейін Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметінде болған Қарлығаш Исатаева өзі жұмыс атқарған мерзім ішінде округтегі қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ілгерілетуге жақсы ықпал болып еді. Округті әлі талай жұмыс күтіп тұр.

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев өзінің Талдыбұлақ ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Талдыбұлақ орта мектебінің жаңа оқу жылына деген дайындығымен танысты. Мектеп әкімшілігі аудан әкіміне мектептің бу қазандығын ауыстыру мен шағын орталыққа кіретін есіктің алдына қосымша құрылыс салу мәселесін айтты. Мәселелер шешімін табатын болды.

Осы округке қарасты Қазақстан ауылындағы Қазақстан негізгі мектебіне биыл тағы да оқушы жетпей отыр. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев әріптестерімен бірге Қазақстан ауылының тұрғындарымен осы мәселе бойынша кездесті.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале