17.01.2025, 18:00
Оқылды: 44

Сырым ауданының әкімі дәрігер-хирургті қабылдады


Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов белгілі медицина маманы Асхат Дүйсенғалиевті қабылдады. 

2e0478eb-d30d-4ded-ab47-0e6b8af21ff8

Дәрігер-хирург  қаңтар айының 14-і күні мерейлі 60 жасқа толған болатын.

Жұмагелді Батырниязов Асхат Ғабделғазизұлының Сырым ауданының денсаулық саласын өркендету жолындағы қайраткерлігін атап өтті.

Асхат Дүйсенғалиев Ақтөбе медициналық университетін тамамдағаннан кейін, Орал қаласына интерн - дәрігер ретінде жолданды. Маман ретіндегі ресми жұмысын туған жері Жымпиты өңірінен бастады.

1999 жылы аудандық аурухананың меңгерушісі болып тағайындалды. Бас дәрігер ретінде Сырым ауданының денсаулық саласындағы түйткілді мәселелердің шешілуіне, соның ішінде нысандардың жұмысы, кадлар толысуына себеп болды. Кейін Сырым аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов мерейтой иесіне алғыс хат тапсырып, шапан жапты.

Сондай - ақ, депутаттық қызметі үшін Сырым аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева мен партияластар атынан “Amanat” партиясы Сырым аудандық филилалының төрағасы Талғат Дарғожиев Асхат мырзаға құрмет көрсетті.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале