15.03.2026, 9:44
Оқылды: 20

Сырым ауданының әкімі дауыс берді

Мәдениет үйінде орналасқан N290 референдум учаскесіне Сырым ауданы әкімі аппаратының ұжымы да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

IMG_9364

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған мемлекеттік қызметшілер ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық борыштарын орындады.

Мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар үшін қоғамдағы маңызды шешімдерге үн қосу – үлкен жауапкершілік.

IMG_9365
Мұны ауданның бас кеңсесі - аудан әкімі аппаратының қызметкерлері терең түсінеді.
Дауыс берушілер арасынан Сырым ауданының прокуроры Ершат Қамбетовты, Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиеваны байқадық.

Шынар Молданиязова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале