14.03.2024, 23:54
Оқылды: 47

Сырым ауданының экс-әкімі 75 жасқа толды 

14 наурыз – Сырым елі үшін тек Көрісу күні немесе наурызнама он күндігінің басталуы ғана емес, экс-әкімнің туған күні.

73e9db9e-9ffb-43e8-8a30-25fdaa6311d9

Есберген Әжібаев еңбек жолын Саратов облысының Красноармейск ауданы, Лугасек кеңшарында зоотехник болып бастап, Жаңақала аудандық Кеңесі атқару комитетінде нұсқаушы, комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, екінші хатшы, жоспарлау комиссиясының төрағасы, облыстық кәсіподақ, партия комитетінде жауапты қызметкер болды.

Кейіннен Шыңғырлау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы, Сырым аудандық партия комитетінің хатшысы, аудан әкімі, БҚО мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасы қызметтерін атқарды.

Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзаш Орал қаласында тұратын еңбек ардагері, Сырым ауданының Құрметті азаматы, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Есберген Әжібаевты 75 жасымен құттықтап, аудан әкімінің құттықтау хатын табыс етті.

Құрметке бөленген еңбек ардагері сырымдықтарға, құттықтау хатын табыстаған аудан әкімдігіне жанұясы атынан ризашылығын білдірді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале