8.12.2024, 9:24
Оқылды: 274

Сырым ауданының Сарой, Жетікөл ауылдарында мәслихат депутатының сайлауы басталды

Бүгін Сарой және Жетікөл ауылдық округтерінде Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына үш сайлау учаскесінде мәслихат депутатының сайлауы өтіп жатыр.

IMG-20241208-WA0017
№302 учаскелік сайлау комиссиясы Мемлекеттік гимн ойнап, таңғы сағат 7-де өз жұмысын бастады. №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 970 сайлаушы болса, №302 Шағырлой сайлау учаскесінде 321, №304 Көздіғара сайлау учаскесінде 151 және №301 Қосарал сайлау учаскесінде 498 сайлаушы бар.
№302 Шағырлой сайлау учаскесіне 324 бюллетень келді.

photo-output

Ең алғашқы дауыс беруші шағырлойлық Гүлбарам Жұматоваға №302 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Сәбит Арыстанғалиев алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

IMG_20241208_072937

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға үміткер ретінде «AMANAT» партиясы атынан Ернар Байдашев, өзін-өзі ұсынушылар Әділет Есмұрат, Қайсар Халит түсіп жатыр.
Сайлауға байқаушы ретінде Ернар Байдашевтің сенімді өкілдері Ереш Бисенғалиев қатысуда.

Шынар Молданиязова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале