Оқырмандарының сүйікті басылымы, тарихы тереңде жатқан Сырым ауданының айнасы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті өзінің 90 жылдық торқалы тойын өткізді.
Той дейміз ғой, бірақ карантиндік шаралар қатаң сақталды.
Ұзақ жылдар редакцияда қызмет еткен, әріп теруші, редактор болған апа-ағалар Э.Шыңғалиев, М.Ерниязов, Д.Қыдырғалиқызы газеттің өткені мен бүгінін саралап, тарихынан сыр шертсе, аудан әкімі Т.Төрағалиев ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлы басқарып отырған ұжымның жетістіктерін атап өтіп, мерейтоймен құттықтады.
Басшылық атынан «Жайық Пресс» ЖШС директорының бірінші орынбасары Ғайсағали Сейтақ ұжымды құттықтап алғысхат пен арнайы сыйақы сертификаттарын табыстады.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz